Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік қызметінің Сирияға қатысты резолюциясына келісім бермеді, қарсы да шықпады, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.
Интерфакс агенттігінің мәліметінше: «БҰҰ ҚҚ-нің Сирияға қарсы химиялық шабуыл жасау туралы шешіміне 10 мемлекет келісім беріп, 2 мемлекет вето құқығын пайдаланды. 3 мемлекет бейтарап қалды». Оның ішінде Қазақстанда бар.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуір күні Сириядағы Идлиб провинциясының Хан-Шейхун қаласында химиялық қару қолданылған шабуыл болды. Салдарынан 86 жуық адам қаза тапқан. Елдегі оппозиция кінәні атқарушы билікке артты.
«Батыстық үштік» - АҚШ, Ұлыбритания, Франция – ұсынған резолюцияда Сирия билігі химиялық қару қолданғаны үшін айыпталады.