Әлемнің бас инвесторлық краудфандингтік «Kickstarter» алаңында қазақстандық өнімнің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.
«Kickstarter» әлемдегі ең мықты инвесторлардың жаңа инновациялық тауарларға қаржы салуын мақсат етеді. Осы кезеңге дейін алаңдағы жұмыс нәтижесінде мыңға жуық жобаға 3 миллиардтан артық АҚШ доллары көлемінде салым түскен.
Компанияның баспасөз баяндамасында: «Қазақстанда ойлап табылған тауардың атауы – «Сlean Leaf kz». Ол конкурстың барлық талаптарынан өтіп, қаржыландырылатын жаңалықтар тізіміне қосылды. Бұл алаңға жіберілген алғашқы Қазақстандық инновациялық өнім», - делінген.
«Clean Leaf kz» - дәретханаға арналған көпқабатты антибактериалды жапсырма. Оны қоғамдық орындарда тазалық сақтау мақсатында қолдануға болады.