Түн ортасына дейін жұмыс істейтін Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

/uploads/thumbnail/20170710020903002_small.jpg

Осыдан бірнеше күн бұрын «Қамшы» ақпарат агенттігі «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов өзінің фейсбук парақшасында жариялаған ұсынысы турасында жазған болатын. Нақтырақ айтқанда, Абылайхан Оспанов ХҚО-ның жұмыс кестесін түн ортасына дейін ұзартуды ұсынған болатын.
Арада бірнеше күн өтіп, кешегі идея бүгін іс әрекетке айналып, жүзеге асырылып отыр.

Астанада Сауран 7 мекенжайы бойынша түн ортасына дейін жұмыс істейтін "Халыққа қызмет көрсету орталығы" ашылды.

Бұл жобаны іске асырушы «Азаматтырға арналған үкімет» болды. Күні бойы өз жұмыстарын жасап үлгермеген астаналық тұрғындар енді жұмыс күндері таңғы сағат 8-ден 00:00-ге дейін, ал демалыс күндері 8-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейтін орталықтың қызметтеріне жүгене алады.

Әзірге бұл орталық қаланың бір-ақ жерінде, Сауран 7 мекенжайы бойынша қызмет атқарады.

Бұл жоба тек 2 ай мерзімге ғана жоспарланған екен. Егер тұрғындар тарапынан қазжеттілік байқалса онда жоба Қазақстанның басқа қалаларында да  толығымен іске аспақ.

Егер азамат қажетті қызметтерін басқа ХҚО-да жүзеге асырып жүріп, түнде істейтін орталықтың көмегіне жүгінгісі келсе, онда дайын болған құжаттарын алдын-ала  Бірыңғай байланыс орталғының 1414 номері бойынша хабарласып алдын-ала ХҚО-дағы дайын құжаттарын алуға сұраным тастау арқылы немесе түнгі ХҚО-ның инспекторына өзінің қызметтері жайында хабарлауы тиіс.

Бұл жоба «Азаматтарға арналған  үкімет»-ттің азаматтарға қызмет көрсету саласын   жеңілдетуге байланысты жүзеге асырып отырған алғашық жобасы емес.

Қатысты Мақалалар