Астанадағы бала өліміне байланысты жаңа деректер: дәрігер емдік нұсқауын қытайша жазған

/uploads/thumbnail/20170710020933440_small.jpg

Астанадағы 1 жасар баланың өліміне себепші болған қытайлық медицина бағытын ұстанатын орталықтың дәрігері туралы деректер пайда болды. Бұл туралы  «Қамшы» ақпарат агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Белгілі болғандай дәрігер қабылдауға тиісті дәрілер тізімін тек қытайша жазады екен.  Осыған дейін адамдарды қытай тілінде консультациялаған екен.

Астана қаласының  Есіл ауданының прокуроры Талғат Айтбаев бала өліміне қатысты деректерді жария етті.

«Медорталық педатрия, инемен емдеу, массаж сияқты қызметтер көрсетуге лицензиясы болған. Бұл орталықта  Қытай шығаратын сертификациясы жоқ  БАД(биологиялық қоспалар)өнімдері пайдаланылған.

Сонымен берге дәл осы емдік дәрілердің барлығын дәрігер тек қытай тілінде ғана жазып таратқан. Осы арқылы «Тілдер туралы» заңды бұзған.

Дәрігер Қытайда тұрған этникалық қазақ екен. Прокуратура шешімі бойынша, орталық әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен айыппұл салынды»- деді прокурор.

Қатысты Мақалалар