Маңғыстау облысындағы үш ауылдан алынған тауық жұмыртқасы құрамынан зиянды химиялық элементтер табылды, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі «Informburo» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Чехия мемлекетінен келген зерттеуші Мартин Скальскийдің басшылығымен үкіметтік емес ұйымдар «БҰҰ Орхусс конвенциясы» жобасының аясында экологиялық зерттеу жүргізді. Таушық, Шетпе, Басқұдық ауылдарынан алынған тауық жұмыртқаларының құрамында көп мөлшердегі гексабромциклододекан бар болып шықты.
Мартин Скальскийдің айтуынша: «Тауық жұмыртқаларының анализі – жобаның бір бөлігі ғана. Біздің зерттеуімізше өнімдердің бұзылу салдары ауыл-аймақтардың жан-жағында қоқыс тастайтын орындардың көп болғандығынан болып отыр. Зерттеуіміз таза болуы үшін біз Орталық Қазақстаннанда осы өнімді алып зерттеп көрдік. Ол жақта да дәл осындай жағдай».
Ғалымдар бұл зиянды өнімнің адам ағзасына тигізетін зардабын анықтай алмады. «Бәрі адамның бұл өнімді қаншалық жиі жегеніне байланысты. Адам оларды бірнеше жыл қолдануы мүмкін. Бірақ ауру белігелір бірден байқалмайды», - деді Мартин Скальский.
Сонымен қатар, зерттеушілер маңғыстаулық шұбат құрамынан полихлорлы дефинилдер табылған. Экологтардың айтуынша, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін қоқыс орындарын азайту керек.
«Келесі аптада біз осы мәселені Астанада талқыламақшымыз. Қоғамды тек экологиялық жағдаймен таныстырып қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырмақшымыз», - деді үкіметтік емес «Эко Маңғыстау» ұйымының төрағасы Кирилл Осин.