Парижде Франция президентігіне бас үміткер Ле Пеннің штабын өртемек болды

/uploads/thumbnail/20170710021301782_small.jpg

Париж қаласының орталығындағы «Ұлттық фронт» партиясының штабын өртеп жібермек болды, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі. Бұл партияның төрайымы Марин Ле Пен Франция президенттігіне басты үміткерлердің бірі.

Бүгін түнгі сағат 3:00-де Париж қаласының өрт сөндіру қызметіне оқиға туралы хабар келген. Ғимараттың тек сыртқы есігі ғана зақымданған.

Елдің ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиға үшін жауапкершілікті «Ксенофобиямен күрес» тобы өз мойындарына алған.

Ле Пенді осыған дейін «Вель д’ Ив» оқиғасы үшін Франция халқы жауапты емес деген сөзі үшін сынаған болатын. Оның айтуынша, 1942 жылы Францияда еврей халқын қамап, концлагерлерге жіберген уақытта елде фашистік режим болған. Демек, бұл геноцид Француз халқының еркінен тыс жасалған. Израиль жағы саясаткердің бұл сөзін «тарихи шындықты» бұрмалау деді.

Қатысты Мақалалар