Мексиканың Синалоа штатында белгісіз адамдар ұшып бара жатқан ұшақтан үш адамды лақтырып жіберген, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Аргументы и факты газетіне сілтеме жасай отырып.
Үш адамның бірі жергілікті аурахананың төбесінде жан тәсілім еткен. Қалған екеуін Кульякан қаласынан 60 шақырым қашықтықтағы жерден тапқан.
Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Жергілікті баспасөздің мәліметінше үш адамды бір ұшақтың бортынан лақтырған.
Айта кетейік Синалоа штаты Мексикадағы есірткі саудасының ең ірі орталығы.
Пікір қалдыру