Әзімбай Ғали. Латын графикасы озық болса Ресей латиницаға өтер еді

/uploads/thumbnail/20170710022021741_small.jpg

Бізге не нәрсе маңызды: мемлекеттік тілді іс жүзінде орнату ма? Латын графикасына көшу ме? Екіншісі ұзақ жылдар мемлекеттік тілдің орнауын кейінге ығыстырады. Егерде латиница шын озық болса Ресей латиницаға өтер еді. Біздің ұлттық идея -латиницаға көшу емес мемлекеттік тілді орнату.

Алфавит өзгертуге әуестену жақсылыққа апармайтынын білсек. Біз нарықтық реформалардың және құқықтық реформаларды жаңғыртуымыз керек. Латиница көңілімізді паллиативтік мақсаттарға бұрады. Нәтижеде артта қаламыз. Кезінде Қазақстаннан ІЖӨ Қазақстаннан төрт есе көп Өзбекстан латиницаға өтуден басқа реформа жасаған жоқ еді. Ал Қазақстан нарықтық реформаларды жүзеге асырған. Нәтижесінде Қазақстанның ІЖӨ Өзбекстаннан төрт есе артық болып шықты. Қазақстан жергілікті жерді өзін өзі басқару реформасы керек еді. Облыстық әкімді маслихаттар тежеу керек еді. Келеңсіз шенеунікті мәслихат алып тастайтындай құзырет болу керек еді. Қазақты тағы да бөлшектедіретін жолға түстік. Біреуі латынша, біреуі кириллицаны, біреуі арабицаны ғана пайдаланады. Бар болғаны 12 млн. қазақ болашақта бірнеше алфавитте оқитын болады, немесе қазақшадан бас тартады да, орысша оқиды. Қазақтың бір бөлігі бұрымнан қазақша білмейді. Тағы бір бөлігі қазақшаны мойындамайды. Қазіргі қазақ билігі мемлекеттік тілді қолдамайды. Қолдаса толық дәрежеде мемлекеттік тілді қолдауға болатын еді. Мемлекеттік тілді ақсату үшін латын әріптері енгізілмек. Шөре -шөре болған қазақ бірте - бірте орысшаға өтетін болады. Алфавит өзгерген кезде қазақ тілі әлсірейді, өтпелі кезеңде орыс тілі позициясы күшейеді де мемлекеттік тіл функциясы орындалмай қалады.

Латын жазбасына қазақтың тілінің өтуі қазақты орысшаға өтуді мәжбүрлеу. Үштұғырлы тіл және латыншаға өту Кремльдің бізге күштеп отырған саясаты, мақсат -қазақты орыстың тіл кеңістігі мен пропагандистік ықпалда қалтыру. Нысаналы және кешенді соққылар түбіне жетеді. Қазақ тілі әрі де жеңіле береді. Кейін тағы алфавит өзгертпек болады. Алфавит өзгерту қазақ тілін жеңудің жеңіл жолы бола қалды. Қоғамдағы маңызды мәселелер талқылаусыз қалады. Қазақ тілін өзін күшейтуге жұмсалатын уақыттан ұтылады. Қанша қаржы далаға тасталады? Бұл қазақ тіліне қарсы диверсия. Естеріңізге алсаңыз біз арабица да болдық 1929 жылға дейін, содан кейін латиницаға ауыстық, кейін кириллицаға ауыстық ауыстық кезіндегі көп жазбалар оқусыз қалды. Содан арабицадағы мен латиницадағы жазылған әдеби мұра далада қалды. Енді барлық бұрынғы мәдени мұра жоқ болды. Солай біз қазақты адастырдық. Қазақша құжат айналымы азаяды себебі латинницада жазылған құжатты түсіну қиын болады. Орысшасын оқитын боламыз. Ол қазақ тілін шегіндіреді. Біздің түпкі мақсатымыз қазақты қазақтандыру еді, кириллицаны бәрі біліп қазақтандыру мүмкіншілігі көбірек еді. Енді орыс тілді қазақты латиницадағы қазақшаға үйрету қиындау тиер. Бізге латиница емес тиянақты мемлекеттік тілі керек, егерде алфавит айтыстырсақ қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру мүмкін болмас. Себебі көп қазақ латинницаны игергенше тағы уақыт керек болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар