АҚШ АУҒАНСТАНҒА ЖОЙҚЫН БОМБА ТАСТАДЫ

/uploads/thumbnail/20170710022051773_small.jpg

АҚШ өз арсеналында ядролық емес орасан бомбасын Ауғанстандағы ДАИШ позициясына тастады. Бұл туралы Пентагон мәлімдеген. Хабарды «АҚШ Ауғанстанға «бомба атаулының шешесін тастады» деп таратты BBC-дің орыс қызметі дәл осылай тақырыппен.

АҚШ тастаған GBU-43 бомбасы 9 метр ұзындықта болып, 10 тонна салмаққа ие. GBU-43 2003 жылы алғаш рет сыналған. Бұған дейін соғыс шарттарында ешқашан қолданылмаған.  

Бомба Ауғанстанның Пәкістан шекарасына жақын аймағында, Нангархар провинциясының Ачин ауданындағы тыйым салынған экстремистік ДАИШ ұйымы қолданып келген туннел комплексіне тасталған.

Ауғанстандағы АҚШ әскерінің қолбасшысы генерал Джон Николсон айтуынша, «бұл соққыдан соң жиһадтық  топтар ауыр шығынға ұшырайды. Олар қолдан түрлі жарылғыш заттар жасап келеді. Бункерлер мен туннельдерге тығылған олар  енді позицияларынан қайтатын болады».

BBC-дің әскери-дипломатиялық шолушысы Джонатан Маркустың АҚШ-тың бұл әрекеті туралы төмендегідей сараптама жасайды: «Бұл бомбаның атауы қаншалықты ебедейсіз болса да «барлық бомбалардың шешесі» өзін атауында-ақ білдіріп тұр. Бұл АҚШ арсеналының ядролық емес ең жойғыш қаруы.

Зор өлшемдегі бұл бомба GPS навигациялық жүйесімен басқарылады. Оны шамасы алғаш рет әскери ұрыста сынап көрді.

Бомбаны АҚШ арнаулы жасағына арналған МС-130 көп түрлі қолданыстағы әскери-транспорттық Hercules ұшағының бортынан тастаған.  Ол ұшақ ішінде парашютпен босатылып жіберетіндей арнаулы бөлікке орналастырылады.

Бомба аса кең радиуста жойқын жарылыс жасайды. Бұл Вьетнам соғысында қолданылған ұқсас моделінен әлдеқайда жетілдірілген.  

Дональд Трамп  әкімшілігінің Ауғанстан бойынша стратегиясы әзірге әлі іске аспады.   GBU-43 бомбасын мысалға алсақ, бұл АҚШ-тың экстремистік топ ДАИШ-ке кесімді жауабы. Сондай-ақ ұйым қай жерде топтасса да АҚШ-тың басты нысанасы болатынын көрсетеді».

Сарапшының сөзінше, ДАИШ Ауғанстанның жергілікті билігінен өздері ойлағандай саяси қолдау таба алмады.

Түрлі мәліметтерге сүйенсек, Ауғанстанда неше жүздеген, тіпті неге мыңдаған ДАИШ жасақтары соғысып жүр. Алайда олар 2016 жылдан бері АҚШ-тың әуе шабуылдарынан айтарлықтай шығынға ұшырап, қатары сиреді. 

Ауғанстан территориясына тасталған бомбаны Трамп «өте сәтті тапсырма» деп атаған. Осыдан кейін АҚШ-тың Әскери-әуе күштері ең қуатты ядролық емес GBU-43/B бомбасын 2003 жылы сынақтан өткізгені бейнелген видеоны жариялады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар