11 жастағы қазақ баласы әлем чемпионы атанды

/uploads/thumbnail/20170710023023844_small.jpg

Кеше Біріккен Араб Әмірлігіндегі Абу Даби қаласында өткен Бразилиялық Джиу-джитсудан Әлем Біріншілігінде 11 жастағы Ақтөбе қаласының тумасы Шерхан Есенкелдин әлем чемпионы атағын жеңіп алды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы редакциямызға хабарласқан Шерханның әкесі Жеңіс Бекмағанбетов хабарласып, сүйінші сұрады.

"Ұлым әлем чемпионы атанды!", - деген ол өзінің қуанышын жасырмады.

"Мен балам екеуміз 2 жыл бұрын Бразилиялық джиу-джитсу спортына қатысуды бірге бастағанбыз. Мен өзім бұған дейін бала кезімде грек-рим куресімен айналысқанмын.

Сол кезде қанша ұтып жүрсең де, шет елге шығуға қаржылай мүмкіндік болмайтын.

Баламның күреске деген икемі мен талпынысын көріп, жаттығудан қалдырмастан, әрі қарай дамытуды мақсат еттім. Абу-Дабиге кетіп бара жатып: "Көке, Қазақстанда менің салмағымда лайықты қарсылас жоқ, не болса да чемпион болуым керек", - деді.

Шерхан Ақтөбе қаласындағы №18 мектептің 5-сынып оқушысы. Әлем біріншілігінде ол 27 келі салмақта ресейлік жас спортшы Шамиль Дадаевпен жекпе-жекке шыққан.

Аталған Әлем біріншілігі сәуірдің 18-сі күні аяқталады. Шерханды бұл сайысқа дайындаған жаттықтырушысы - Кажеков Нартай, ал бас жаттықтырушысы -  Әшім Қали.

Баламның спорттық мінезінің болғанына Аллаға сансыз шүкір! Қуанышымда шек жоқ. Уайымдап, қолдаған жақындарымызға алғысым шексіз", - деді ол.

Қатысты Мақалалар