Мобильдік сауаттылықты арттыруға арналған «Digital Life» еліміздің бар аймағын қамтыды

/uploads/thumbnail/20170710023133907_small.JPG

Бүгін, 14 сәуірде «Кселл» компаниясы мобайл білім беру жөніндегі «Digital Life» ауқымды жобасын іске асырудың екінші жылының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Екі жыл ішінде оған Қазақстанның 16 қаласынан барлығы 6,2 мыңнан астам адам қатысты. Мобильдік медиа, мобильдік қауіпсіздік, мобильдік білім беру, мобильдік мемлекет, мобильдік бизнес және басқа да тақырыптар бойынша 230 тегін мастер-класс өткізілді.

«Кселл» ұйымдастырған «Digital Life» мобильдік білім беру жөніндегі шеберлік сабақтарына 6 мыңнан астам қазақстандық қатысты.

«Digital Life» жобасы ұйымдастырушыларының міндеті қазақстандықтардың смартфондар мен мобильді қосымшалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы білімін арттыру болды. Мастер-класс тыңдаушылары – мектеп оқушылары мен ата-аналар, студенттер, шағын және орта бизнес өкілдері, журналистер мен блогерлер.

«Баршаға арналған білім» - «Кселл» компаниясының әлеуметтік жобаларды іске асырудағы негізгі ұстанымы. Бұл біздің барлық ниет білдірушілерге өзін-өзі дамыту мен білім алуға мүмкіндік беретін құралдар мен мобильді технологияларды ұсынатынымызды білдіреді. Біздің мобильді білім беру жөніндегі курстарымыз бұл мақсатқа толық сай келеді. Оларға кез келген адам қатыса алады, курстар тегін және Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді. Біз қазақстандықтар білім алу, кәсіп жүргізу, денсаулықты нығайту және жай ғана қарым-қатынас жасау үшін өз смартфондарының бар әлеуетін пайдаланса екен дейміз. Біз айтарлықтай шамада мұны іске асыра алдық деп ойлаймын», деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.

Сонымен бірге зейнеткерлер үшін «Апашки, аташки и смартфон» атты курс арнайы ұйымдастырылды, оған қатысушылар смартфон қолдануды, мессенджер орнатуды және әлеуметтік желілерде әңгімелесуді үйренген.

 «Интернет-өмірге белсене араласуды бұрыннан қалайтынмын. Маған жаңалықтар, кітаптар, фильмдер мен музыканың бәрін интернеттен табуға болатынын айтты. Менің бүкіл әлем бойынша достарым көп, бірақ олармен үнемі байланыс жасап тұру мүмкін бола бермейді. Содан ұлым смартфон сыйлады. Смартфонның қолданушыға арналған кітапшасын оқып шықтым, бірақ шынымды айтсам, түк түсінбедім. Ал қазір – тренинг кезінде WhatsApp пен Youtube-ті қалай қолдануды, интернетке қалай қосылу керектігін, әлемнің басқа бір түкпіріндегі адамды қалай табуға болатынын түсіндім. Қазіргі дүниені тану, немерелерім айтқандай, «байыбын білу» - бұл өте қызық, әрі тартымды», - дейді «Апашки, аташки и смартфон» курсын тыңдаушыларының бірі Александр Фроленков.

Қамшыгер: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар