Кейбір қалалардың өзіне тән өзгеше құпиясы болады деп жатады. Ал атақты Париж қаласының қандай құпиясы болғандығы туралы Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына қызықты дерек ұсынады.
Ортағасырлық Париж біз ойлағандай сиқырлы, ғажап болмаған екен. XIV ғасырда Парижде халық арасында танымал наубайшы өмір сүрген. Деректерге сүйенсек, ол наубайшының қолынан жасалған барлық дәмдерді патша Карл VI-ның өзі арнайы тапсырыспен алдыртып отырған. Наубайшының шаштараз досы болған. Екеуі жертөле астындағы бір бөлмені бөлісіп бірге тұрған.
Екі достың нақты есімдері белгісіз. Алайда наубайшының бәліштері бүкіл Парижге танымал болған. Тек осы бәліштердің құрамына адам еті де кіргенін екі достан басқа ешкім білмесе керек.
Адам етін тауып беру қызметін шаштараз жігіт жүзеге асырған. Ол заманда шаштараз ұстарашы қызметін де атқарған. Олар тек шаш қиып қана қоймай, клиенттірдің сақал- мұрттарын қырған. Сонымен бірге, олар тіс жұлдырту, сүлікпен емдеу сияқты қызметтерді де атқарған көрінеді. Осыған байланысты ұстарашы/шаштараздың бөлмесіндегі қан іздері ешкімді таңқалдырмаған да, шошытпаған.
Ұстарашы сондағы элита өкілдеріне тиіспеген. Тек кедей, жалғызбасты адамдарды ғана «ет» еткен. Орналасқан тұрғылықты жерде университет болғандықтан келуші құрбандар шегі толастамаған. Ұстарашыға тек қана наубайшымен келісіп қою ғана керек болған. Ұстарамен бауыздалған адам денесін жертөледе наубайшы күтіп тұрады екен. Ары қарайғы әрекет наубайшының құзырында болған.
Қандықолдар құрбандарын біріккен күшпен бөлшектеп, қалған дене қалдықтарын тастап отырған. Одан кейін басты процесс- осы етпен бәліштер пісіру. Ол бәліштерден тіпті патшаға дейін дәм татқан.
1384 пен 1387 жылдар аралығында осындай іспен айналысқан екі достың түбіне жеткен нәрсе мынау болды:
Ұстарашыға келген клиенттердің бірі итін бірге ертіп келіп, оны сыртта байлап кеткен. Әлгі келуші жігітті бауыздап жертөлеге кіргізіп бөлшектеп жатқан аралықта сыртта тұрған ит иесін іздеп үре бастайды. Елдің назарын аудартқан ит бір-екі күн бойы далада тұрады. Итке назар аударған жұрт оны босатқан уақытта, ол әлгі жертөлеге секіріп кіріп кетеді. Осы оқиғада екі достың құпиясы ашылып қалады.
Ұсталғандар сотталды, өлім жазасына кесіліп, оларды тірідей өртеді. Сарай тұрғындарының ішінде осы уақытқа дейін қандай ет жеп жүргенін білгеннен кейін қайтыс болғандар бар деседі.
Арада біраз уақыт өтіп осы қылмыс орын алған үй жермен жексен етілген. Бірнеше ғасыр бойы аталған үйдің орнына ештеңе салынбаған.
Ал бүгін, дәл осы үйдің орны түбегейлі өзгеріске ұшырады. Онда жергілікті полиция учаскесінің ғимараты орналасыпты. Дәл осы учаскедегі көлікжай шетінде орналасқан тас – сол замандағы екі азаптаушының құрбандарын бөлшектеген жер болған екен.
Дайындаған: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру