Балықшыларды тығырыққа тіреген «ерекше» балық желіні де шулатты (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710061251514_small.png

Филиппиндік балықшылар балық аулау барысында ерекше түсімге тап болған. Сол күні ұсталған балықтардан ерекшеленген балықты суретке түсіріп алған. Балық  терісі әшекейленген болып шыққан. Бұл ерекше су жануары  жергілікті арналардан көрсетіліп, желілерде де қызу талқыға түскен. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кейбір адамдардың пікірінше, балықты біреу ұстап алып үстіне сурет салып, әшекейлеп қайта суға жібере салған. Тағы бір желі қолданушысы, балық белгілі-бір матаға жабысып суретті өзінің үстіне жұқтырып алған дейді.

Ал жергілікті тұрғындар балықтың үстіндегі ою-өрнектер мен суреттердің пайда болуы мистикалық бастаулар алуы мүмкін екендігін да жоққа шығармайды. Кейбір адамдар су астында да сурет салушылар (татуировка жасаушылар) бар шығар деп қалжыңдайды.

 

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар