Соғыс кезінде балалар үйінің тәрбиеленушілерін қандай мақсатта пайдаланғанын білген жұрт жағасын ұстады

/uploads/thumbnail/20170710061311811_small.jpg

1943-44 жылдар аралығында фашистер №1 Полоцкий балалар үйінің тәрбиеленушілерін донор ретінде пайдаланғысы келген деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Балалар үйінің директоры Михаил Степанович Форинко балалардың өмірін сақтап қалуға бел байлады. Ол балалардың ағзасын алғанға дейін олардың денсаулығын түзеу мақсатында балалар мен балалар үйінің қызметкерлерін Бельчица ауылына көшіруді ұсынады. Осылайша балаларға төніп тұрған қауіпті уақытша сейілтті. Ендігі қадам балаларды партизандық аймаққа шығарып, ұшақпен алып кету еді.

1944 жыл ақпан айының 18-нен 19-на қараған түні ауылдан 154 балалар үйінің тәрбиеленушілері, 38 тәрбиеші және құпия «Бесстрашные» тобының мүшелері мен Чапаев атындағы Щорса бригадасы ауылдан шықты. Балалардың жасы 3-тен 14-ке дейін болды.

Кішкентайлардың өзі қауіпті сезді. Фашистер біліп қойған жағдайда оларды уақытша тежейтін кезекші партизандар болды. Орманда оларды шанаға жегілген поезд күтіп тұрды. Ұшқыштар көп көмегін тигізді. Олар Бельчий ауылын айналдыра ұшып жаудың көңілін басқаға аударуға тырысты.

Аспанда жарық ракеталар пайда болса жерге отырып, қимылдамау қажеттігі туралы балаларға ескертілді. Балалардың барлығын діттеген жерге жеткізді. Енді балаларды фронттан тезірек шығару қажет еді. Себебі немістер балалардың жоқтығын бірден байқады. Ұшақтар балаларды шығара бастады. Абырой болғанда балаларды өлімнен сақтап қалған.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар