Балалары үйінен қуып жіберген қарт кісі есіктерінің алдында ұйықтап жүр

/uploads/thumbnail/20170710072908171_small.jpg

Алматыдағы көп пәтерлі үйлердің бірінің подъезінде жасы егде тартқан кісі жатады екен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Белгілі болғандай, бұл кісіні балалары үйіне кіргізбей, қуып жіберген екен. Бұл жайында Assema Lalo есімді Facebook қолданушысы өзінің жеке парақшасында жариялады.

«Бұл атаның жатқанына екі күн болды. Ол кісі менен екі қабат төменде тұратын. Оны балалары үйінен қуып жіберген екен, ал апаларын қарттар үйіне алып барып тастапты. Маған бұлай деп көршілер айтты.

Мұндай жағдайда не істеуге болады? Бір жағынан бұл кісіден өте жағымсыз иіс шығады, ал екінші жағынан көргенде қатты аяп кетесің.

Есіктерінің алдында туыстары жатқанын біле тұра бұл үйдің тұрғындары қалайша жайбарақат ұйықтап, тамақ жеп отырады екен?» - деп жазады куәгер өз парақшасында.

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар