Атақты Prada компаниясымен келіссөзге отырған сәнбике мүгедекке айналған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710072952375_small.png

Италиялық сәнбике қыз Австралияға сапары барысында оқыс жағдайға тап болды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бетон тақтасы үстіне құлап зардап шеккен ол Prada компаниясындағы армандаған жұмысынан бас тартуға мәжбүр болды. Себебі дәрігерлер оған енді жүре алмайтындығын айтқан.

2016 жылдың тамыз айында Гленда Мерлини австралиялық Серферс-Парадайс жеріне өзінің сүйіктісімен бірге аттанған. Ол жерге өзінің танымал компаниямен келіссөзге отырғанын атап өтпек болып барады. Екі жас қонақүйге бара жатқан жолда автокөлік тұрағынан өтіп, темегі түтетпек болып тоқтайды. Сол жерде қызға бетон тақтасы құлап денесіндегі біраз сүйегін сындырған.

«Дәл сол  сәтте менімен не болғанын сездім. Қабырғанын үстіме құлағанын түсіндім»-дейді италиялық сәнике.

Арада біраз уақыт өткен соң қыз өзінің аяғын сезбей қалған. Гленданың омыртқа сүйегі,жанбас сүйегі сынған. Және бұл ол көрген зардабының жартысы ғана. Ол жергілікті ауруханада 6 апта бойы емделген. Prada-дағы жұмыс жайына қалды. Қазір Гленда қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасап емделуде. Ең сорақысы, қыз енді өмір бойы мүгедек арбаға тәуелді болып қалды.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар