Ресейлік тұрғындардың көпшілігі нақтырақ айтқанда 80% қазіргі Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің 2012 жылғы президенттік сайлауда өз кандидатурасын қайта ұсынады деген ойда деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап. Қоғамдық пікір қоры (ҚПҚ) жариялаған сауалнамада қатысушылардың 80% Путиннің президенттікке ұсынылатындығына күмән келтірмейтіндіктерін жеткізді. Сұралғандардың 9% ғана оның президенттікке ұсынылмайтындығын айтса, 12% жауап беруге қиналатындықтарын жеткізген.
Сұралғандардың жартысына жуығы (46%) Путин сайланбайтын болса оны теріс қабылдатын едік дейді, 35% мұндай мәлімдемені ешқандай эмоциясыз қабылдайтынын, 14% оң қабылдайтындықтарын жеткізген.
Ресей Федерациясында президенттік сайлау 2018 жылы өтіледі деп күтілуде. Президенттік сайлауға келесі жылы Владимир Жириновский, оппозиционер Алексей Навальный, Григорий Явлинский өз кандидатураларын ұсынбақ.
Ал Ресей президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Путиннің өз кандидатурасын ұсынуы туралы мәсле әлі талқыланған жоқ дейді.
Шолушы: Назерке МҰСА