Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері АҚШ саммитіне қатысады

/uploads/thumbnail/20170710073203471_small.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 21 мамырда Эр-Риядта өтетін Мұсылман елдері және АҚШ саммитіне қатысады. Бұл жайында Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөздің дерегінше, мемлекет басшылары Эр-Риядқа Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдулазиз әл-Саудтың шақыртуымен барады. Мирзияев мұнда екі жақты кездесулер өткізбек.

Тәжікстан президенті аппаратындағы дереккөздің хабарлауынша, Эмомали Рахмон саммитте баяндама жасауы мүмкін.

Саммитке Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф, Ауғанстан президенті Ашраф Гани шақыртылған. Кездесуге АҚШ президенті Дональд Трамп қатысады, ол - осы саммит құрылтайшыларының бірі.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар