Бұрындары хат тасыған кептер енді есірткі тасымалдап жүр

/uploads/thumbnail/20170710082555706_small.jpg

Кувейт кеденшілері есірткіні кептердің көмегімен шекарадан өткізбек болған контрабандылардың жолын кесті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі islam.kz-ке сілтеме жасай отырып. Бұрын хат тасып, хабар жеткізу үшін пайдаланылатын құстың түрін енді қылмыскерлер өз мақсаттарына жаратпақ. Қырағы сақшылар Иракпен арадағы шекарада қолға түсірген кептердің әрең ұшып бара жатқанын байқаған. Көгершін демалу үшін ғимарат шатырына қонғанда қолға түсірген. Оның арқасына таңылған қаптан дәрі түріндегі есірткінің 200 таблеткасы шыққан. Қазіргі уақытта тергеушілер мен із кесушілер кептер арқылы есірткіні шекара асырмақ болған қылмыскерлерді іздестіріп жатыр. 

Шолушы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар