Аты әлемге әйгілі футболшы Месси түрмеден бірақ шықты

/uploads/thumbnail/20170710082748551_small.jpg

Испанияның жоғарғы соты 29 жастағы Аргентина және испандық «Барселона» футбол командасының шабуылшысы Мессиді айыпты деп танып, 21 айға бас бостандығынан айырды. Бұл жайында Испания футбол құрамасының твиттер парақшасында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың маусымында танымал футболшы Лионель Месси мен оның әкесі Хорхе 2007, 2008 және 2009 жылдары 4,1 млн евро көлемінде салық төлеуден жалтарғаны үшін сот алдында жауап берген болатын. Бұл ақшаны футболшы жеке имиджин пайдалану есебінен тапқан.

Оның үстіне, кейбір БАҚ өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, Месси 2,1 миллион евро көлемінде айыппұл төлеуі керек. Ал футболшының әкесінің бас бостандығын айыруды 21 айдан 15 айға қысқартты.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар