"ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесіне небәрі 16 күн қалды. Ал дайындық қалай жүріп жатыр? Бәрі сақадай сай ма? Шетелдік қонақтарымызды құшақ жая қарсы алуға дайынбыз ба? Дайынбыз, әрине. Қонақжай қазақ қонағын қашан да құшақ жая қарсы алған. Ал, жарайды. Астананың халі ше? Бас қала дайын ба? Осы орайда әлеуметтік желіде Астана қаласындағы құрылыс жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқаны жайында видео пайда болыпты. "Қазақстан ЭКСПО-ға дайын ба?" деген сұрақтың жауабын осы видеодан таба алатын секілдісіз.