Қатігез әке 4 жастағы баласын күрекпен, кірпішпен соққыға жығады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710083346727_small.jpg

Шымкент қаласының 11 мөлтек ауданында туған әкесі баласын күрекпен соққының астына алып жатқан видеосы желіде пайда болды , деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Желіні шулатқан сурет пен видеода  туған әкесі 4 жастағы баласын  автокөліктің резіңке дөңгелегінің ортасына шыға алмастай етіп қойып,  күрекпен басынан қайта-қайта ұрумен болады.  Бұл қатігездіктің куәгерлері ештеңе айтпастан жай ғана тамашалап тұр. Видеоны жіберген кісі өз есімін құпия ұстап отыр. Жіберушінің айтуы бойынша, әкесінің қатігез әрекеттері күн сайын қайталанып отырады екен. Бір күні басын кірпішпен ұрса, келесі күні мазақ етудің, қорлаудың басқа түрлерін тауып отырады екен. 4 жастағы бейкүнә бүлдіршіннің денесінің сау жері қалмаған. Көк ала қойдай сабап болған соң, қанталап , көгерген жерлерін кетіру үшін сағаттар бойы суық судың астында тұруға мәжбүрлейді екен.

Видеодан бөлек келіп түскен суреттерге қарасақ әкесінің бұл әрекеті жазалау екені байқалады. Белгілі болған мәліметтерге сүйенсек, баланың  анасы қайтыс болған . Ал бүлдіршін әкесімен бірге тұрады.

 Ішкі істер департаментінің қызметкерлері аталған іс орын алған аймаққа жіберілді. 

Дайындаған:  Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар