Ресейлік шырын Қазақстан тауар айналымынан алынады

/uploads/thumbnail/20170710083733527_small.jpg

Қазақстанда сатылымда жүрген танымал «Фруктовый сад» шырыны тауар айналымынан алынып тасталынды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Казинформ-ға сілтеме жасап. 

Алматы, Астана қалалары мен облыстарындағы сауда орталықтарында сатылымда жүрген «Лебединский» ЖШҚ-ның шығаратын «Фруктовый сад» өнімі  денсаулыққа қауіпті деп бағаланып отыр.  Оның себебі аталған шырынды ішіп жас баланың ауыз қуысы күйіп қалған.  "Шырынның шабдалы-алма дәмі адам ағзасына қауіпті. Аталған өнімнің 0,3 литрлік бөтелкесі 25 ақпан 2017 жылы шығарылып 25 тамызда жарамдылық мерзімі өтеді»-деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл өнімнен улану жағдайлары тіркелмеген. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл өнім тауар айналымынан алып тасталынып жатыр. 

Қатысты Мақалалар