Шри-Ланкада тропикалық жаңбырлы дауылының салдарынан туындаған су тасқыны мен лай көшкіндерінен қаза тапқандардың саны 91 адамға жетті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Тағы 100-ден астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апатқа байланысты 20 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Дауылдан 35 мың үй бүлініп, тас жолдар мен темір жолдарды су шайған. Қазір апатты аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оған мыңдаған сарбаз тартылды. Билік елге 2 миллиард доллардан астам шығын келгенін мәлімдеп, халықаралық қауымдастықтан қолдан келгенше көмек көрсетуді сұрап отыр.
Шолушы :Айгерім Таубай