Дональд Трамп американдықтардың атынан мұсылман қауымын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Оның құттықтау сөзі АҚ үйдің ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Өзінің сөзінде президент соңғы уақыттарды әлемде болған террористік әрекеттерге тоқталып өтті.
«Осы жылы мейрам дәл терракттан қаза тапқандарды еске алып соларды аза тұтып жатқан кезде басталуда. Ұлыбритания мен Мысырдағы шабуылдар Рамазан айының қасиетіне кереғар. Мұндай террактар террористердің сұрақы идеологиясына балта шабу керек екенімізді ескертті»-делінді оның сөзінде.
Сонымен бірге Трамп әлемдегі барша мұсылмандарға ең жақсы тілектерін білдіріп, Рамазанның рухы зорлыққа қарсы болу мен өзгелерге көмектесу екенін атап өтті.
Шолушы: Назерке МҰСА