Бұл теңіз тасбақасы тасбақалардың сирек кездесетін түріне жатады. Ол Таиландтың экологиялық орталығында өмір сүреді. Соңғы кездері адамдар тасбақаның ауыр қозғалып жүргенін байқайды. Көмектеспек болып, тасбақаны ауруханаға жеткізеді.
Ветеринарлар жануарға операция жасатады, нәтижесінде тасбақаның ішінен 915-ке жуық тиын шыққан. Туристердің суға лақтырған тиындарын тасбақа бірнеше жылдан бері жұтып келген екен.

Туристердің көбі тиынды қайтып қайтып келу үшін тастайды. Өкінішке орай, әдетке айналған бұл үрдіс тасбақаның өмірін қысқартқан. Тасбқалардың орташа өмір сүру ұзақтығы 100 жыл, ал операция салдарынан жанурадың азғантай ғана өмірі қалған.

Шолушы: Сәбина Рамазан