Елбасы Нұрсұлтан Назараев «Болашақ» бағдарламасының бір бөлігін Назарбаев Университетіне оқытуға бағыттауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Болашақ» бағдарламасы қаржысының бір бөлігін аталған университетте білім беруге бағыттаудың уақыты жетті. Осында серіктестік инновацияның пәрменді экожүйесін қалыптастыру маңызды. Әлемге өздерінің идеясын ұсынатын жас ғалымдар консультациялар, бастапқы капитал, заңгерлік қызмет түріндегі жүйелі қолдауды алуы тиіс»,-деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пайымынша, университетте басқарушылар мен мұғалімдер білім алуы тиіс, содан кейін осында жинақталған үздік тәжірибені еліміздегі барша ЖОО-ларына енгізу керек. «Бұл оқу орны Тәуелсіздік жылдарында табысты жүзеге асырылған жобалардың бірі. Біртіндеп осында білікті отандық кадрлармен жеке ғылыми мектеп қалыптасады. Кешекте түлектер бұл оқу орнында ғалым атанады және олардың жобалары елімізде және шетелде мойындалады деп сенемін»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, Елбасы биыл Назарбаев Университетін тәмамдаған түлектерді құттықтап, докторантура бағдарламасының алғашқы тоғыз түлегіне дипломдарын табыстады. Биыл оқу бітірген студенттер саны 737 адам, оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 499 түлек, магистратура бағдарламасы бойынша 229 студент және PhD дәрежесіне ие болған докторантура бағдарламасының ең алғашқы 9 түлегі бар. Ерекше үлгідегі дипломға 75 түлек ие болды.