АЛМАТЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЛҒЫРТТЫҒЫНАН ХАЛЫҚТЫҢ АҚШАСЫ КҮЙІП ЖАТЫР

/uploads/thumbnail/20170710085850783_small.JPG

Қарапайым шопырмын. Алматыда «жабайы» такси болып жан бағамын. Көктем шыққалы көп сұмдыққа куә болып жатырмыз. Март келгенде жол жөндей бастайтын Алматының атқа мінерлері бірде Абылайхан даңғылындағы бүп-бүтін жолды қорыс-қопасын шығарып қазғылады. Төлебиді бір түртпектеп шықты. Бұндай мысал көп. Сап-сау жолды шұңқырлап қазып тастап, ай бойы жөндемей қоятыны тағы бар. Ал сол жол жөндегіш, көше бүтіндегіштер Алматының Думандағы, Шаңырақтағы, Қалқамандағы батпаққа малынған, мың шұңқыр, шұрқ тесік көшелерін ешқашан көрген емес.

Бұл жолы айтайын дегенім ол да емес. Бала-шағаның қамы деп Алматыны айнала такси қызметін ұсынамыз. Дегенмен көп куә болатыным күн шыққанда жарқырап жанып тұратын көше шамдары. Бүгін күйіп кеттім, бір көше емес, қиылысып жатқан қос көшеде шам жарқырап тұр. Шам өшіретін жарықтық ішіп кеткен бе? Гагарин мен Қарасай батырдың қилысы. Қадағалайтын бір басшы жоқ...

Түсіп тұрған тұман жоқ, күн жарықта жарқырап жанып тұрған шамдардан қаншама энергия босқа кетіп жатыр. Энергия ғана емес соған салық ретінде төлеп отырған халықтың ақшасы босқа шашылып жатыр. Бір рет емес сан рет куә болғасын айтамыз да. Мынау да Алматының шеткі көшелерінен түсірілген сурет.

Қазақстан «Жасыл энергия» деп ұрандап, EXPO көрмесін өткізгелі жатқанда Алматы әкімдігінің бұл қай сасқаны? Салықтан түскен халық ақшасын ысырап қылу қаншаға дейін жалғаса бермек?

Бауыржан Бақыт

Қатысты Мақалалар