Навальныйдың кері шегінер түрі жоқ. Мәскеуде кезекті митинг өтпек

/uploads/thumbnail/20170710090702696_small.jpg

Ресейлік оппозицияның көшін бастап тұрған Алексей Навальный билікте қызмет еткендердің жемқорлыққа қатысы бар-жоғын анықтауды қолға алу үшін Мәскеуде 12 маусымда митинг өткізуге өтініш жазды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Оның жақтаушылары да қалысар емес. Олар да Ресейдің бірнеше қаласында дәл сондай митингтер өткізу үшін өтініш жазу үстінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Навальный Дмитрий Медведевке қарсы «Ол бізге Димон емес» деген тақырыпта Ресейдің бірнеше қалаларында митинг өткізген болатын.

26 наурызда өткен митинг салдарынан Ресейдің ондаған қаласында көшеге 100 шақты адамнан шықты. Мыңнан көбі ұсталып, 5 қатысушыға қылмыстық іс қозғалған.

Оның екеуі полицей қызметкерін мазақ еткені үшін белгілі уақытқа түрмеге қамалды. Бірі 28 жастағы актер Юрий Кулия 8 айға бас бостандығынан айырылған, енді бірі Люберец Шпаков жарты жылға сотталған.

Ал Медведев  Навальныйдың жүргізген өзіне қатысты жүргізген зерттеуіне байланысты 1 айдан кейін бірақ жауап қатқан, сондағысы Навальныйдың ісін айыптап, астарында құйтұрқы саясат жатқанын тілге тиек еткен.

Шолушы: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар