56 сағатқа созылған күрделі операцияның нәтижесі былай болады деп ешкім ойламады...

/uploads/thumbnail/20170710091046403_small.jpg

Көптеген сәтсіздіктер адамға жаңа үміт сыйлауы мүмкін. Осындай сәтсіздіктер 21 жастағы Энди Сенднессаның басынан өтті.

21 жастағы Энди Сенднесса  көп уақыт бойы күйзеліске түсіп жүрді.Себебі Эндидің бетінде адам шошырлық тыртықтар болатын.  Энди өз бетінше бетіндегі  тыртықтардан  құтылуға тырысады.

Ол үшін бірнеше ота жасатқан болатын. Дәрігерлер Эндидің бет әлпетін дұрыстау үшін жамбас жағындағы терісін алған.

Энди  осы уақытқа дейін далаға көп шықпайтын,себебі балаларды қорқытып аламын деп уайымдайтын. Бірақ 2012 жылы Энди жаңа өмір бастады. Оның бетіне күрделі ота жасалды.

Дәрігердің айтуынша, Энди Сендессаның  отасы ота өте қиын болған. Ол әлемде өте сирек жасалынатын операциялардың  бірі екен. Энди жақсы өмір сүру үшін және тыртықтардан құтылу үшін  барлық қиындықтарға  шыдады.

Эндиға жақында ғана донор табылды. 21 жастағы Кален Росс  аурудан көз жұмар алдында Эндиға өзінің терісін беруге келіскен. Каленннің  келісімен дәрігерлер отаны бастап кеткен  болатын.

Күрделі ота 56 сағатқа созылған.Дәрігерлер отадан кейін  Эндиға   үш апта бойы  айнаға қарауға тыйым салған. Үш апта өткеннен кейін Энди өз бет әлпетін көріп,  балаша қуанған болатын.

Дайындаған: Ақнұр МҰХТАРХАН

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар