29 мамырда Мәскеуде жойқын дауыл болды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Жылдамдығы 22 м/с болған жойқын жел 600-ден аса ағашты қиратып, ғимараттардың шатырына дейін жұлып әкеткен. Сондай-ақ, қақпалар мен жарнама конструкциялары да желмен ұшты. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, апат салдарынан Ресей астанасында 11-ге жуық адам қаза тауып, 100-ден көбі зардап шекті. Көліктер мен электр сымдары да жарамсыз қалды. Бұл жайында «Ресей-24» арнасы хабарлайды.
Қаза тапқандардың бірінің жасы 26-да. Қыздың үстіне Бүкілресейлік көрме орталығының аумағындағы алып ағаш құлаған. Енді бір ер адамды Джавахарлала Неру алаңында ағаш басып қалған. Екі адам күркенінің астында қалған.
Бүгінде Мәскеуде нөсер жауын мен көшкін жүру қатері бар. Жергілікті тұрғындар дауылды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап үлгерді.
Шолушы: Гүлім Жақан