32 жастағы қазақстандық Сеул қаласының қоғамдық саябақтарының бірінде қайтыс болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Қазақстан азаматы қала орталығындағы метро станциясының жанында орналасқан ескі құрылыстан секіріп кеткен. Бұл оқиға дүйсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 23.50-да орын алған. Қазақстан азаматы ауруханаға жеткізілгенімен бүгін сағат 7.50-де көз жұмған. Полиция ер адамның өлер алдында жазған хатын таппаған.
Бұл оқиғаға байланысты зерттеу жүргізілуде. Айта кетейік, бұл қайғылы жағдай жаңа саябақтың ашылғанына небәрі10 күн болғанда орын алған.
Шолушы: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру