ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ БАҚ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ

/uploads/thumbnail/20170710091155748_small.jpg

Қазақстанның Журналистер одағы БАҚ арасында дәстүрлі байқауын жариялады. Байқау 28 маусымда аталып өтетін журналистер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Журналистерге тақырып таңдауда еркіндік берілген. Ол инновациялық жұмыстар, аймақтарда кәсіпкерлік бастаманы қолдау, қоршаған орта мәселелері, жергілікті халықты қоғамдық маңызды қызметтерге жұмылдыру сынды тақырыптар болуы мүмкін.

 

Сондай-ақ, мәдени, жастардың әлеуетін кеңейту, адам құқығын қорғау, әлеуметтік мәселелердің шешімі, қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуге қатысты ұсыныстар, қоғамдық және азаматтық білім деңгейін көтеру және т.б. тақырыптарды таңдауға болады.

 

Байқауға арналған материалдарға қойылатын басты талап – тақырыптың объективті, жан-жақты, терең зерттелуі, қандай да бір мәселеге тың көзқараспен келу, өзектілік, жылдамдық. Өзекті деген тақырыпқа бірнеше жұмыс ұсынуға болады.

 

Конкурсқа 2016 жылдың 1 маусымы мен 2017 жылдың 12 маусымы аралығында жарық көрген материалдар қабылданады. Нәтиже 2017 жылдың 23 маусымында анықталып, марапаттау шарасы 2017 жылдың 26 маусымында Алматыда өтеді.

 

Аудио-видео сюжеттер, фотосуреттер 2017 жылдың 16 маусымына дейін төмендегі мекен жай бойынша қабылданады.

 

050010 Алматы қ.,  Қалдаяқов к-ші, 79, 502-кеңсе.

Тел.: 8 (727) 2-67-00-06

E-mail: union-press@kazmedia.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар