«Алтай» командасы Азия Чемпионатының жартылай финалында

/uploads/thumbnail/20170710091140810_small.JPG

Төрттік финалда вьетнамдық «Вьетин Банк» командасын «Алтай» волейболшылары 3:0 есебімен жеңіп, Азия Чемпионатының жартылай финалына өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

         Енді 30 мамыр күні «Алтай» волейбол командасы Жапонияның "Хисамицу Спрингс" команасымен кездеседі.

         – Бүгінгі жеңіс те бізге оңай келмеді. Әр күнгі жеңіс сайын біз көздеген мақсатымызға жақындап келеміз, – деді «Алтай» волейбол клубының капитаны Инна Матвеева.

         Сиымдылығы 4 мыңнан астам адам болатын Чемпионат өтіп жатқан Б. Александров атындағы спорт сарайына «Алтай» ойыншыларын қолдау үшін ШҚО әкімі Даниал Ахметов те келді.

         Естеріңізге сала кетсек, 25 мамырдан бастап ШҚО-да волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Азия континентінен 8 команда қатысқан Чемпионатта ел намысын «Алтай» волейбол командасы қорғауда.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар