Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Макронмен кездесуі барысында князь Ярославтың қызы Аннаны «орыс» деп атаған.
Ресей мен Францияның арасындағы байланысты айта келе, тарихқа көз жүгірте отырып былай деді: «Бәрі орыс князі Ярослав Мудрыйдың кенже қызы Аннаның Генрих Біріншімен тұрмыс құруынан басталды. Ол кем дегенде екі корольдік династия құрған, династияның бірі Испанияда бүгінгі таңға дейін басқарып келеді».
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Путиннің бұл айтқаны халық арасында сын тудырды. Жоғарғы Раданың бірінші вице-спикері Ирина Геращенконың айтуынша, ресейліктер үшін Русь – Ресейдің синонимі, тіпті олардың көбі Ярослав Мудрыйдың киев князі екенін білмейді де, ал Анна Ярославқызы француз королі Генрих I әйелі және Франция патшайымы – оның қызы. Оның Мәскеуге еш қатысы жоқ.
Сондай-ақ, Геращенко Ресей басшысының мұндай «шизофрениясының» астарында бір ғана мақсат барын айтты. «Путин өз халықының алдында агрессия мен украин жерін жаулап алуды ақтап алмақ».
Шолушы: Гүлім Жақан