Бұрын соңды кездеспеген өгіздей бақа аңшылардың қолына түсті

/uploads/thumbnail/20170710091651605_small.jpg

Оңтүстік Техастың аңшылар бірлестігі Маркус Рангел есімді аңшының сирек кездесетін суретін желіге жүктеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Суретте ер адам қолына өлген бақаны ұстап тұр. Салмағы шамамен 6 кг болатын қосмекенді тоғанда өмір сүрген.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауы бойынша, бұл қосмекенді Гиннестің рекордтар кітабына енеді .

Ал кейбір желі қолданушылары бұл қосмекендінің суретін шындыққа сәйкес келмейді деп пікір қалдырған. Тағы бір желі қолданушысы 12 кг чихухуа аталатын күшігінің көлемі бұл бақадан кіші екенін жазды.

 Алайда жабайы табиғат департаментінің қызметкері Стив Лайтфут желі қолданушыларын сабырға шақырып, бақаның өмірде болғанын мәлімдеді. 

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар