Дәрігерлер аз ғана ғұмыры қалды дегеніне қарамастан ауруды жеңген қыздың оқиғасын Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.
Суретте бір жерде түсірілген екі сурет қатар қойылған. Алайда екеуінің түсірілу мерзімі екі түрлі. Бірінші суретте науқас қыздың шашы химиялық емнен түсіп қалған. Ал екінші суретте қыздың шаштары қайта шығып, ауруынан айыққан сәті бейнеленген.
Қыздың жасы 17-ге толған кезде дәрігерлер айықпас дерттің диагнозын қойған. Рак ауруының 4-дәрежелі екенін айтып, аз ғана өмірі қалғанын хабарлаған. Дәрігерлер жақындарымен қоштасуға 4 ғана айы қалды дегеніне қарамастан, 14 айдың ішінде ауруынан толыққанды айыққан қыз өмірге деген құштарлығын көрсетті.
Біраз уақыт өткен соң науқас өзінің ауруы жайлы желі қолданушыларымен бөлісті. 8 см ісік асқазанға тым жақын орналасқандықтан операция жасау тым қауіпті болған. Аурумен күресудің басты жолы химиялық ем қабылдау болған.
Өзінің 17 жасында өмірден өтетініне көндіге алмаған қыз аурумен күресе бастайды.
Өзінің ауруын біле тұра мектепке баруын тоқтатпаған. Өмірге деген құштарлығының арқасында ауруды жеңіп шығады.
Шолушы: Айгерім Таубай