53 жастағы Эдди Хекман осыдан 6 жыл бұрын өз қызынан айырылған. Алайда өз қызын өлтірген адаммен не үшін араласып жүргенін өзі жазған кітап арқылы 6 жылдан кейін өзгелерге түсіндіргісі келді. Болары болды, бояуы сіңді, Эдди өз қызының қайтып келмейтінін жақсы біледі. Қызының өлімі қай ата-анаға да болсын ауыр тиетні анық. Егер қызын өлтірген адам болатын болса, онда тіпті кешірмейтін де шығар. Бірақ бұл оқиға ерекше.

Осы кезде Эддиден адамды түсіне білетін өзгеше қасиет байқайсың. Ол өз қызын өлтірген жанмен араласуы арқылы жүрегіндегі ауыр дертті емдеуге болады деп есептейді. Ол болған оқиғаның барлығын былай баяндап берді:
Менің қызым Ренске өзінің жігіті Самаримен поезда кездескен. Олар Нидерландиядан Швейцарияға бара жатқан еді. Олар танысып, телефон нөмірімен алмасқан. Барлығы осылай басталды. Олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсы болатын. Бір-біріне қамқор болатын, сыйлай білетін еді.

Бірақ 2011 жылдың 13 сәуірінде Ренске тұратын Бафлода бір қыздың қайтыс болғанын жаңалықтар арқылы білдім. Біраз минуттардан кейін теледидардан оның пәтерінің суретін көріп, бірден полиция қызметкеріне хабарластым. Таңғы сағат 5-ке аман мен болған жайттың барлығын білген едім.

Самари менің қызымды от сөндіргіш құрал арқылы өлгенше соққыға жығыпты. Оны тоқтатпақ болған офицерді де тапаншамен атып өлтірген. Полиция қызметкерлері Самариге 5 ре оқ атқан. Содан кейін оны ауыруханаға жеткізіпті. Біз Самариді 2 жылдан бері танитынбыз, бірақ бұндай қылығын байқамаппыз. Сондықтан мен Самариге көмек керек шығар деп ойладым. Себебі мен Самариді жақсы танитын едім, бұл әрекетке барған Самари екеніне сенгім келмеді.

Кейін біз оның қорғаушысымен сөйлесіп, Самаримен хат алмасып тұрдық. Ол хатында өкінетінін жеткізген. Қыркүйек айында онымен кездесіп, болған жайт туралы сөйлестік. Оның қатты өкінетінін сол кезде анық байқадым.

Олардың арасында ұрыс болыпты. Менің қызым Самаридің кетуіне жол бермей тұрған кезде ол оны ұрып жіберген. Самари болған оқиғаға дейін түрлі дәрілер қолданып жүріпті. Сол дәрілер оның жүйке жүйесіне әсер еткен секілді. Қазір Самаридің жағдайы жақсы. Аппеляция арқылы оның жаза мерзімін 5 жылға қысқарттық. Біз оған қолдау білдіруге тиіспіз.
Эдди Хекменның бұл әрекеті туралы көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірақ Эдди өз қызын қайтара алмайды. Эддидің бұл әрекеті оның жүрегіндегі жараны емдеумен қатар, Самариге де көмектесе алады. Өз қызын өлтірген жанды кешіру кез-келгеннің қолынан келмейтіні де белгілі.
Аударған: Әсел Өтешова