Мишел Макго қаржы журналисі болып жүмыс істейді және де өзгелерге үнемі қаржыны үнемдеу жөнінде кеңестер айтып отырады. Бірақ ол бұрындары ақшаны оңды-солды жұмсап отырған екен.

Кейіннен ол біраз ойланып ақшаны тек қажетті дүниелерге ғана жұмсау керек деп шешкен. Мишель жаңа заттарды сатып алудан бас тартты. Сонымен бірге үйде пісірілген тамақтарды жеп, велосипедпен жүруді әдетке айналдырды. Сөйтіп ол 365 күннің ішінде 23 мың долларды үнемдеді

«Мен ақшаны көп жұмсайтын әдеттегі адам едім. Ақшаны өзіңе керек дүниеге жаратқан сайын бақытты боласың деген өтірік жарнамаға сенетінмін. Бірақ мен бұлай өмір сүруге болмайтынын түсіндім. Сосын осы кемшілігімнен арылуға тырыстым, содан зор нәтижеге қол жеткіздім».,- дейді Мишель. Сонымен бірге ақшаны үнемдеу үшін қандай әрекеттерге барғанын былай деп баяндап берді:

Ипотека мен комуналдық шығынға, ата-анама көмектесуге, ғаламтор жүйесіне, ұялы телефонныма, қайырымдылыққа байланысты айына 2000 доллар ғана жұмсадым. Сонымен бірге шаштаразға барып шаш қидырмадым.

Ал тұрмыстық заттарға мен аптасына 35 доллар жұмсаған болатынмын. Мен кинотеатрға, демалу үшін кафе мен клубтарға барудан бас тартып, тамақты үйде пісіріп жеп жүруді де әдетке айналдырдым.

Сонымен бірге косметика, жаңа киім алуды да тоқтаттым. Тіпті далада жаңбыр жауып тұрса да автобуқа мінген жоқпын.

Бір жылдың ішінде мен дәмді тамақ пісіруді үйрендім, бұрындары тамақ пісіру қолымнан келмейтін. Бұл менің кезекті жеңістерімнің бірі еді. Мен тамақ пісіруді үйренгенімді жеңіс деп есептеймін.

Бастапқы кезде маған өте қиын болды. Бірақ барлығына шыдадым, кейін үйреніп кеттім. Мен үнемдеген 23 000 доллар арқылы мен ипотеканың бір бөлігін төлеп тастадым. Мен алдағы уақытта дәл осылай үнемдеймін деп айта алмаймын, алайда ақшамды дұрыстап жұмсауға тырысамын.

Бұл оқиға өзгелерге сабақ болады деп сенеміз. Егер біз ақшаны жөнімен жұмсауды үйренсек көп нәрсеге қол жеткізе алатынымыз шындық.
Дайындаған: Әсел Өтешова