15 жастағы баланың әкесі ұлының мектептептегі соңғы күнінде суға түсетін іш киіммен келген. Оның себебін ұлына естен кетпес естелік сыйлағысы келгендігімен түсіндірген деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Джастин суға түсетін іш киім, бас киім киіп, мойнына медальдарын тағып американдық жүзуші Майкл Фелпс секілді көрінгісі келген. Осындай түрімен ол өзінің ұлына жүгіріп барған.
Ал оның ұлы болса әкесінің бұл қылығына тек күліп қана қараған. Себебі бұл күн мектептегі оның соңғы оқу күні болған және бұл туралы оның жаңа оқу орнында ешкім білмейді деп ойлады. Алайда ғаламторда барлығы сақталатынын бұл жеткіншек ұмытып кеткен секілді.
Шолушы: Сабина Рамазан