Алматы қаласының Әл-Фараби көшесінде орналасқан Esentai Mall сауда орталығының қызметкерлері құйындай соққан қатты дауылдың кесірінен зардап шекті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Видеода көріп тұрғанымыздай, қалада соққан қатты дауыл кезінде аталмыш сауда орталығының төрт қызметкері жіпке асылып қалған және дауылдың салдарынан төртеуі ғимаратқа қайта-қайта келіп соғылады. Қатты соққының салдарынан бір қызметкері құлап кеткені де көрсетілген.
Бұл оқиғаға қатысты әлі нақты деректер жоқ дегенмен куәгерлердің бірі аталмыш жайтты түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген видеодан анық көруге болады.
Шолушы: Сабина Рамазан