Ұрланған қыз тікелей эфирде халықтан көмек сұрады(ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710093029742_small.jpeg

Periscope әлеуметтік желісінде тікелей эфирде сұмдық  жағдай орын алды. Тікелей эфирден аяқ-қолы  орындыққа байланған қызды көрген кезде алғашында ешкім сене қоймады. Бірақ біраз уақыттан кейін адамдар бұл оқиғаның шынайы екенін түсінеді. Кейін барлығы қызды құтқарғысы келіп, оған бірнеше сұрақтар қоя бастады. Сол сұрақтар арқылы оған көмектескілері келді. Бұл оқиға 29 мамырдан 30 мамыр аралығындағы түнде орын алған. Алғашында трансляция sdrjh434hgfg3 аталған болатын. Кейін басқа атаулармен тікелей эфирге шыға бастады.

Кадрдағы қыз ештеңе істей алмады, тіпті сөйлей де алмаған. Ол тек басын қозғалтып отырды. Аталған сұмдық оқиға Мәскеу қаласында болған. Қызға көмек көрсету үшін «Говорит Москва» радио станциясы көмектесуге тырысты. Олар қызға бірнеше сұрақтар қойып отырды, ал қыз болса басын қозғалтып жауап берген.

Қыз оны біреулердің ұрлап кеткенін, Мәскеудің шығысында екенін растаған болатын. Сонымен бірге қыз тікелей эфирден кейін қандай жағдайға тап болатынын білмейтінін ымдап білдірген. Қыздың айтуынша, оны ұрлап кетіпті, кейін ол біраз уақыт бойы есінен танып жатқан көрінеді. 9 минуттан кейін қыздың  отырған жерінде стакан сынып, түсініксіз дыбыстар шыға басайды. Біраз уақыттан кейін тікелей эфир аяқталады. Аталған радиостанция барлық мәліметтері жинақтағанымен, ешқандай көмек көрсете алмады.

Бірақ барлығы басқаша аяқталды. 30 мамыр күні таңертең қыз өзінің аман екенін мәлімдеп, өзіне көмектеспекші болған адамдарға алғысын білдірді. Бұл тікелей эфир ойдан шығарылған екен. Егер осындай жағдай орын алса мемлекеттік қызметкерлермен қоса өзге адамдар  қандай әрекетке баратынын білгісі келген. Өкінішке орай ешкім көмектесе алған жоқ.

 

Қазіргі кезде осындай оқиғалар көп кездеседі. Бұрындары қылмыскерлер адамды тығылып зорлап, өлтіруші еді, ал қазіргі кезде барлығы ашық түрде өтуде. Барлығы анық көрсетіліп, ашық түрде қылмыс жасалса да ешқандай көмек көрсетілмейтіні өкінішті. 

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар