Қазақстанда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының электронды деректер базасы» іске қосылды

/uploads/thumbnail/20170710093047664_small.jpg

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазконтент» АҚ «Саяси қуғын сүргін құрбандарының электронды деректер базасы» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Бұл база – репрессия жылдарында қаза тапқан, жапа шеккен қазақстандықтардың есімдері сақталған толық нұсқадағы электрондық ресурс. Ол National Digital History веб-порталында қол жетімді.

Базада 200 мыңға жуық адамдардң есімі сақталады және нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады. Базаға ҰҚК мұрағатында сақталған, сондай-ақ көптомдық «Қайғы кітабы. Атылғандардың тізімі» кітабындағы деректер кіреді.

Оның үстіне, әр пайдаланушы базаны толтыруға атсалысуына болады. Ол үшін репрессия жылдарында жапа шеккен туыстарыңыз жайлы деректерді  kaz.ehistory@gmail.com пошатсына жібере аласыздар.

Қатысты Мақалалар