Қазақстан-Қырғызстан шекарасында ірі көлемде героин өткізбек болған қылмыскер ұсталды

    Aigerim Taubay
    Қазақстан-Қырғызстан шекарасында ірі көлемде героин өткізбек болған қылмыскер ұсталды

    Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы «Айша бибі» кеден бекетінде ірі көлемде героин өткізбек болған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

    Opel Zafira автокөлігіне 15 келі шамасында ақ ұнтақ тиеген 30 жастағы қырғызстандық тауарды Мәскеуге жеткізбек болған. Тараз-Талас қалаларын жалғайтын автомагистраль бойында орналасқан «Айша бибі» кеден бекетінен күніне 6-7 мың адам өтіп, мыңға жуық автокөлік қатынайды. Былтыр осы кеденде 315 тәртіпбұзушылық тіркеліп, 7 адам ірі көлемдегі есірткімен ұсталған.

    Шолушы: Айгерім Таубай 

     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025