Роналду Месси жайында: Біз дос бола алмаймыз

/uploads/thumbnail/20170710094138734_small.jpg

Португалдық футболшының сөзінше, «Барселонаның» ойыншысы – мінсіз футболшы, алайда араларында ешқандай достық жоқ.

«Реал Мадрид» футбол клубының шабуылдаушысы Криштиану Роналду «Барселона» ойыншысы Лионель Месси жайында өз пікірімен бөлісті, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Sport.es басылымына берген сұхбатында Роналду аргентиналық ойыншының әр қадамын бақылап жүретінін айтты, оған деген құрметі зор көрінеді. Алайда достық жайлы әңгіме болмады. Оның үстіне, Роналду Мессиді бәсекелесі емес, әріптесі ретінде көретінін тілге тиек етті.

«Мен жақсы ойыншылардың әр қадамдарын бақылағанды жақсы көремін. Ал Месси – мінсіз футболист. Оның ойынына, әр қимылына қарап футбол әлемінің қашан да биікте екенін айта аламын. Біз бір-бірімізді сыйлаймыз, бірақ сыйластығымыз сәлеміміздің түзулігімен ғана шектеледі. Бірге отырып, әңгіме дүкен құру деген бізде болмаған. Оны досым деп айта алмаймын. Лионель – менің әріптесім ғана». 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар