Шымкентте жыныстық құлдықта болған алматылық әйел бастан кешкен сұмдық жайттарды айтып берді

/uploads/thumbnail/20170710094151750_small.jpg

Шымкентте жезөкшелер үйі полиция қоршауына алынып, бірнеше әйел құлдықтан құтқарылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

27 жастағы Виктория Алматы қаласының тумасы. Алматыда оның туыстары тұрады. 

Ер жігітпен танысқан Виктория сүйіктісінің қыздарды сатумен айнысатынын тіпті ойламаған.  10 күннен кейін оны алдап соғып Алматыдан шығарып Шымкенттегі бордельдердің біріне сатып жіберген. Виктория  қатігез әйелдің қолында тұтқында болған. Ол оны сабап, тамақ бермеген.

«Ол мені күннен-күнге қаттырақ ұра басады. Мұрнымды қанатты. Жұмыс істейсің, істемесең сені бұдан да сорақы жерге сатып жіберемін деді. Онда сен наркомандармен бірге тұрасың, олар сені есірткіге отырғызып тастайды. 24 сағат бойы жұмыс істейсің деді. Мен қатты қорықтым. Қашып құтылу мүмкін болмады. Кілт тек қана пәтер жалдайтындарда ғана болды»-деп есіне түсіреді Виктория.

Осындай қорқынштан Виктория сексуалдық қызметтер ұсынып жұмыс істей бастайды. Алайда көп ұзамай бұл тозақ бітіп, оны клиенттерінің бірі құтқарып алған. Полицейлер бұл бордельді қоршауға алып, құлдықта жүрген қыздарды тауып алған.

Шымкенттегі жезөкшелер үйінде 35 жастағы Бота есімді әйел де болған. Ол мұнда 5 жыл бойы тұтқында болыпты. Оны  Мәскеуге алдап апарып құжаттарын тартып алған.

Бүгін құтқарылған тұтқын қыздар арнайы баспанаға орналастырылды. Барлығы 9 адам мен 4 бала тұрып жатыр. Баспанаға заңгер, психолгтар келіп жұмыс істеп жатыр. «Олар өз-өздеріне келген соң қарым-қатынасты үзбеуге тырсамыз, жұмысқа орналастыруға да мүмкіндік болады»-дейді адамдар саудасы құрбандарына арналған баспана директоры Раушан Худайшукурова.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар