Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 4 баланың үйіне кірген көршілері өз көздеріне өздері сенбеді

/uploads/thumbnail/20170710094202000_small.png

Отбасылы болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ересек адамдардың өзі мұндай жауапкершіліктен бас тартып жатады. Сол адамдар 11 жастағы колумбиялық баладан үлгі алса екен.

Хуан Пабло мен оның іні қарындастары әкесі туралы ештеңе білмейді. Олар анасының қарауында болған. Алайда бір күні анасы үйінен шығып, қайта оралмады.

11 жастағы бала ата-анасыз және өзіне қарап отырған 3 бауырымен қалды.

Хуан іні қарындастарына қамқор болып, оларды бұрынғысынша мектепке апарып, сабағын қадағалайды. Алайда көп уақытын қайыр сұраумен өткізеді. Бастапқы кезде бауырларын тапқан азын аулақ тиын тебенмен тамақтандырып жүрді. Уақыт өте келе жағдай ушыға түсті. Қоқыстан тамақ іздеуге тура келді.

Өзі аш болса да ең алдымен бауырларын тамақтандырды. Олардан қалған қалдықты жеді. Бір күні көршілері балалардың жылаған дауысын естіп, олардың үйіне бас сұғады.

Үйге кіріп келгенде көршілері таңқалғалысын жасырмады. Отбасының жағдайына қарамастан үй тап-таза, балалардың киімі жуулы, шашы тараулы болған. Сырттарынан ересек адамның қарауынсыз қалған балаларға мүлде ұқсамайды. 11 жастағы «отағасы» бауырларына қамқорлық көрсеткен. Хуанның әрекеті мақтауға тұрарлық.

Көршілері балалардың ұзақ уақыт өз бетінше қалай өмір сүріп келгендігіне таңқалды. Балалардың анасы да, әкесі де табылмады. Сондықтан олар мемлекеттің қарауында болады.

Көршілері өз жасынан ерте есейген Хуан ересек адамдарша сөйлейтінін және ойлау қабілетіне таңқалғандарын айтады. Енді Хуан уайым-қайғысыз қарапайым бала секілді өмір сүре алады деп үміттенеді. 

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар