Миллиондардың өмірін сақтап қалатын дәріс

/uploads/thumbnail/20170710094219766_small.jpg

        2 маусым 2017 жылы сағат 9.00 Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде  миллиондаған науқас үшін маңызды дәріс өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Дәріс барысында асқазан-ішек ауруларына және бүйрек обырына лапароскопиялық операция жасалады. Оны Жапониядан арнайы шақырылған дәрігер Танигучи Кен мен Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінің дәрігерлері өткізеді. Бұл шараға онкология саласындағы сарапшылар және аурухана қызметкерлері қатысады.

         Ал, 3 маусым 2017 жылы сағат 9.00 Алматы қаласы көпсалалық клиникалық ауруханасының мәжіліс залында «Онкологияның өзекті мәселелері» атты баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз-конференциясының қатысушылары:

1.     Байдувалиев Асхан - Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы 

2.     Олжаев Саяхат - Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінің директоры

3.     Танигучи Кен - дәрігер (Жапония)

4.     Балтабеков Нұрлан - м.ғ.д., профессор

Қатысты Мақалалар