«Үркер» Ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау уақыты ұзартылды

/uploads/thumbnail/20170710094246985_small.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Е. Кочетовтың қатысуымен «Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» ұлттық сыйлығының Сараптамалық қазылар алқасының құрамын бекіту» тақырыбында брифинг өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

            Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» ұлттық сыйлыққа қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 2017 жылдың 10  маусымына дейін ұзартылған. 

 «Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» ұлттық сыйлыққа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау http://urker-2017.el.kz сайтында жалғасып келеді, сыйлықтың мақсаты еліміздің талантты журналистері мен сапалы медиа-жобаларын анықтау және марапаттау. 

Үміткерлер ұсынған материалдарды кәсіби журналистер мен танымал тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен құралған  қазылар алқасы сараптап, сұрыптайды:

  1. Омашев Намазалы Омашұлы – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.
  2. Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы – мемлекеттік және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор.
  3. Сақ Қайрат Омірбайұлы - Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты.
  4. Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 
  5. Кучинская Юлия Владимировна – «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.   
  6. Тараков Александр Юрьевич - «Қоғамдық келісім» РММ директоры.  
  7. Әлденей Әлібек Үсенұлы – Өңірлік БАҚ альянсының жетекшісі 
  8. Расул Жұмалы – саясаттанушы
  9. Абенов Мұрат Абдуламитұлы – қоғам қайраткері. 
  1. Жәпек Мейрамхан Сағынқызы - "Атамекен" ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығының «farmers.kz»  порталының жетекшісі
  2. Мырзабеков Амангелді Кеңшілікұлы – әдеби сыншы

Сыйлықтың жүлде қоры – 15 миллион теңге. 15 номинация бойынша әрбір жеңімпаз                 1 000 000 теңгеден алатын болады! 

А.ж. 7 мамырынан бастап баспасөз, радио және интернет-журналистика саласында қалам тербеп жүрген қауымға арналған мәртебелі сыйлыққа қатысуға 300-ден аса өтініш қабылданғанын атау қажет. Үміткерлер әсіресе «Үздік сұхбат», «Үздік фотосурет», «Үздік репортаж» аталымдары бойынша бақтарын сынап көруге пейілді.

«Журналистикадағы дебют», «Үздік республикалық баспа басылым», «Үздік жыл журналы», «Үздік өңірлік баспа басылым», «Қазнеттегі медиасерпін» номинациялары бойынша үміткерлер саны аз болып отыр.  

Сыйлықтың лауреаттарын марапаттау рәсімі байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 28 маусым күні салтанатты жағдайда өтетінін еске саламыз.   

Аталған шараның ұйымдастырушысы – «Қазконтент» АҚ. Ал, сыйлықтың құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

 

Қатысты Мақалалар