Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында феминистер ереуілге шықты. Олар классикалық музыканың сүйемелдеуімен әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Митинг Аргентина президенті Маурисио Макри резиденциясының алдында өтті.
Бір топ әйел үстіндегі киімін шешіп тастап «Феминизм бұл - геноцид» деген плакатпен шыққан. Кейін белгілі болғандай акцияны «Коммуникативті шоктың көркем күші» атты қозғалыс ұйымдастырған (Artistic Force of Communicative Shock).
Бастапқы кезде әйелдер түгелімен шешініп үнсіз тұрған. Одан кейін плакаттың жанына жиналып, өлген адам секілі қозғалыссыз жатқан.

Қарсылық акциясының басынан аяғына дейін классикалық музыка ойнап тұр.
Шолушы: Сабина Рамазан